Мастодинон® – Фитониринг бірегей тұжырымдамасына сәйкес өндірілген біріктірілген өсімдік тектес препарат. 6 дәрілік өсімдіктердің комбинациясы бұл гормоналды емес препаратты мастопатияны кешенді емдеуде кеңінен қолдануға және сүт бездерінің ауырсынуын азайтуға, сондай-ақ гормоналды теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді
«Мастодинон» кұрамына келесі өсімдік компоненттер кіреді:
Қасиетті витекс немесе авраам ағашы: кептірілген жеміс сығындысы, ең алдымен, мастопатияны емдеуде және етеккір циклін қалпына келтіруде маңызды болып табылатын жоғары пролактин деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді, сонымен қатар предменструальный синдромның (ПМС) белгілерін жеңілдетеді, мастопатия және ПМС кезіндегі сүт бездеріндегі ауырсынуды азайтады
Алуан түрлі құртқашаш: құрамында мигреньге, неврологиялық ауруларға, ас қорыту жүйесінің қабыну ауруларына емдік әсері бар эфир майлары және басқа белсенді заттар бар. Кешенді емдеуде алуан түрлі құртқашаш мастопатияға, етеккір циклінің бұзылуына оң әсер етеді
Еуропалық қоғажай: басқа белсенді ингредиенттермен үйлесімде етеккір кезіндегі ауру сезімін және сүт бездеріндегі ауырсынуды азайтуға, цикл бұзылыстарын жоюға көмектеседі
Маралоты тектес сабақты жапырақ немесе скво тамыры: предменструальды синдромның белгілерін, сондай-ақ циклмен байланысты басқа шағымдарды түзету үшін қолданылады
Тарғыл лалагүл: анальгетикалық және басқа да емдік қасиеттері бар, цикл бұзылыстарын, мастопатияны, ПМС және сүт бездеріндегі онымен байланысты ауырсынуды кешенді емдеуде қолданылады
Чилибуха игнация: әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің ауруларын емдеу үшін бұрыннан қолданылған
Мастодинон® таблеткаларының құрамына жоғарыда аталған 6 дәрілік өсімдіктер кіреді. Бұл комбинация мастопатияны емдеуде кеңінен қолданылады және әйел сүт безінің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Мастодинон® ішке қабылдауға арналған тамшылардың құрамы тура сондай. Сондықтан препаратты таңдау тек пайдаланудың ыңғайлылығымен анықталады. Препаратты күніне 2 рет (таңертең және кешке) 1 таблеткадан немесе 30 тамшыдан қабылдау керек
Табиғи гормоналды емес препарат бірқатар емдік әсерге ие:
Композициядағы 6 дәрілік өсімдіктердің комбинациясы гормоналды фонды қалпына келтіруге, мастопатияның диффузды түрлері кезіндегі кеудедегі ауырсынуды азайтуға көмектеседі. Нұсқауларға сәйкес терапия курсы кем дегенде 3 ай, ол етеккір кезінде тоқтатылмайды